← Барлық жаңалықтар
2019 ж. 12 қыркүйек

Нұр-Сұлтанда VII Машина құрылысшыларының форумы өтуде.

Нұр-Сұлтанда VII Машина құрылысшыларының форумы өтуде.

VII Машина құрылысшылары Форумының алғашқы күнінің қорытындылары бойынша «Asia Trafo» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында жыл соңына дейін 600 млн.тг аса жалпы сомаға трансформаторларды жеткізуге меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ «Жас машина құрылысшылар» панельдік сессиясының аясында «Alageum electric» компаниясының директорлар Кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ильясов салаға жастарды қалай тарту және компаниядағы мамандардың даярлық деңгейін жоғарылату қажеттігі туралы айтып берді.

Еркебұлан Ильясов «Alageum electric» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің бірі – Кентау политехникалық колледждің (КПК) қызметіне толығырақ тоқталды. Колледж 2011 жылдың желтоқсанында құрылды. Осы жылы КПК «Қазақ-Неміс политехникалық колледжі» жаңа мәртебесін иеленді. Колледж Кентау трансформаторлық зауыты үшін білім беру базасы ретінде құрылды, себебі онда зауыттың қажеттіліктерімен байланысты политехникалық кәсіптерге оқытады. Бүгінгі таңда колледждің құрылғанына 8 жыл, және осы уақыттың ішінде колледж 577 студентті шығарып үлгерді. Бүгінгі таңда 838 адам білім алуда. Олардың көпшілігі «КТЗ» АҚ жұмыс жасауда.

«Әр жылы колледж өзінің үздік студенттерін шетелге білім алуға жөнелтеді. Кентау Политехникалық Колледжінде білім алушы студенттердің 80 %-ы мемлекеттік грант есебінен оқуда. Колледждегі білім қосарлы жүйе арқылы жұмыс жасауда, яғни барлық оқу уақытының бар болғаны 40 пайызын студент теорияны зерттеумен айналысуға жұмсайды. Оқу уақытының 60%-ын студенттер тәжірибедегі өз дағдыларын меңгеруге жұмсайды», - деп «Alageum group» компаниясының директорлар Кеңесінің төрағасы атап өтті.

Өз сөзін аяқтай отырып, Еркебұлан Ильясов барлық жастарды колледжге түсуге шақырды және барлық түлектерді Alageum Electric холдингтік компаниясының құрылымдық кәсіпорындарына, бұл Кентау, Ақтау, Орал, Шымкент трансформаторлық зауыттарына, Алматы электр механикалық зауытына және өзге кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға уәде берді.

Поделиться новостью

Басқа жаңалықтар

2024 ж. 02 тамыз

Asia Trafo зауытында маңызды сапар өтті!

Біздің зауытымызға келген қонақтары: Ким Джин Ха – Корея Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі ?? Сауле Саветовна Сәгінтаева – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық

2024 ж. 11 шілде

Alageum Electric - Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниеж

2024 ж. 19 маусым

Қазақстан Президенті «Alageum Electric» Компаниялар тобының Құрылтайшысы Сайдолла Қожабаевты «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті «Alageum