Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті
«Alageum Electric» КТ құрылтайшысы Сайдолла Қожабаев «Алтын барыс» төсбелгісімен және Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Alageum Electric» КТ су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек ретінде 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Поделиться новостьюБіздің зауытымызға келген қонақтары: Ким Джин Ха – Корея Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі ?? Сауле Саветовна Сәгінтаева – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниеж
Asia Trafo Молдова Республикасы үшін зауыт тарихындағы алғашқы ТДТН-40000/110/10/6 кВ типті трансформаторды жасады! ТДТН-40000/110/10/6 кВ типті трансформатор тапсырыс берушілер өкілдерінің қатысуымен