Достар, «Alageum Electric» кәсіпқойлар командасының қоржынына тағы бір құрметті марапат қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз. ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бұйрығына сәйкес «Құрмет» орденімен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов марапатталды.
Бауыржан Амангелдіұлы еңбек жолын 2001 жылы КТЗ дәнекерлеу-дайындау цехының инженер-технологы қызметінен бастады. Жұмысының алғашқы күндерінен бастап оның жоғары өндірістік көрсеткіштерге деген ұмтылысы, бастамашылдығы және күрделі техникалық мәселелерді шешу қабілеті байқалды. Таңдалған іске адалдық пен көрнекті кәсіби қасиеттер арқасында 21 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі КТЗ трансформатор зауытының басшысына дейін өсті.
Бауыржан Амангелдіұлы тек басшы ғана емес, кәсіпорынды дамытуға және жаңа мамандар даярлауға өзінің энергиясын, таланты мен күш-жігерін жұмсайтын нағыз тәлімгер. 2014 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет ол басқарған конструкторлар тобы қуаты 63 000 кВА кернеуі 110 кВ электр машиналарының сериялық өндірісін жолға қойды.
«Құрмет» ордені - Бауыржан Амангелдіұлының еңбегін, адалдығын және көшбасшылық қасиеттерін мойындаудың белгісі. Біздің ұжымда осындай кәсіпқойлар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Құрметті марапатпен құттықтаймыз! КТЗ зауытының және «Alageum Electric» КТ-ның табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Поделиться новостьюБіздің зауытымызға келген қонақтары: Ким Джин Ха – Корея Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі ?? Сауле Саветовна Сәгінтаева – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниеж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті «Alageum