Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. Алты ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.
«Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ілиясов сайланды.
«Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ұлттық спорт түрлері - халықтың тарихын бейнелейтін біздің рухани байлығымыз. Жамбы ату спортының Қазақстанда ғана емес, әлемде де жаңғырту және дамыту үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Еркебұлан Ілиясов.
Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерациялар кіреді. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.
Поделиться новостьюБіздің зауытымызға келген қонақтары: Ким Джин Ха – Корея Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі ?? Сауле Саветовна Сәгінтаева – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниеж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті «Alageum