← Барлық жаңалықтар
2020 ж. 05 ақпан

БҰҰДБ Қазақстан-неміс политехникалық колледжіне 8 оқу стендтерін жеткізді

БҰҰДБ Қазақстан-неміс политехникалық колледжіне 8 оқу стендтерін жеткізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасы және БҰҰ дамыту бағдарламасы «Қазақстандағы электр тұрмыстық аспаптар мен қондырғылардың энергия тиімділігінің стандарттары, сертификаттау және заттаңбалау» ЖЭҚ аясында Кентау трансформаторлық зауытының Қазақ-Неміс политехникалық колледжінде электр қозғалтқыштар және трансформаторлар (сегіз оқу стендтерімен бірге) бойынша екі жаңа лаборатория ашылды.Салтанатты іс-шараға ҚР индустрия және инфрақұрылым даму Министрлігінің, облыстық және қалалық әкімдіктердің, К.А. Яссауи атындағы ХКТУ, «Alageum Electric» КТ және Кентау трансформаторлық зауытының өкілдері қатысты. Колледжді заманауи оқу стендтерімен жабдықтау студенттерге электр техника, электр механика және электр энергетика бойынша курстар аясында тәжірибелік оқудан өтуге және КПД трансформаторлары мен ассинхронды электр қозғалтқыштардың ҚМК өлшеп үйренуге мүмкіндік береді. Меймандар мен БАҚ журналисттері үшін экскурсия жүргізілді, онда студенттер электр машиналарының, трансформаторлардың және реле қорғанысы мен автоматиканың ҚМК жоғарылату тәсілдерін түсіндірді. Жобаның мақсаты парниктік газдардың шығарындылары мен қуат тұтынуын төмендету мақсаттарында энергиялық тиімді аспаптар мен қондырғылар тарапына қазақстандық нарықты түрлендіру болып табылады."Оқу тиімділігі теорияны тәжірибемен үйлестіру кезінде ұлғайтылады. Тәжірибесіз терең жүйелі білімнің маңызы болмайды. Студенттер техниканы көру және онымен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Мысалы, жұмыс жасап тұрған қондырғысыз, құралды бөлшектеу, оны қиығында қарау мүмкіндігінсіз робототехника секілді ғылымды елестету мүмкін еме", - деп атап өтті "Alageum Electric" компаниясының техникалық департамент Директоры Бауыржан Худайбергенов ресми ашылу салтанатында.

Поделиться новостью

Басқа жаңалықтар

2024 ж. 02 тамыз

Asia Trafo зауытында маңызды сапар өтті!

Біздің зауытымызға келген қонақтары: Ким Джин Ха – Корея Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі ?? Сауле Саветовна Сәгінтаева – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық

2024 ж. 11 шілде

Alageum Electric - Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниеж

2024 ж. 19 маусым

Қазақстан Президенті «Alageum Electric» Компаниялар тобының Құрылтайшысы Сайдолла Қожабаевты «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті «Alageum